RU
Толық нұсқаға өту

АҚШ Газа секторы бойынша БҰҰ қарарына вето қойды

21.11.2024, 17:23 764

АҚШ Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің Газа секторындағы оқ атуды тоқтату туралы қарар жобасына вето қойып, қабылдатқызбай тастады.

Негізі құжатты 15 мүшенің 14-і қолдаған еді. Ұйымдағы АҚШ-тың Тұрақты өкілінің орынбасары Роберт Вудтың айтуынша, анклавтағы оқ атуды түбегейлі тоқтату тұтқындарды босатуға жол ашпайды. Сондай-ақ американдық дипломат "қарар қабылданып кетсе, "ХАМАС" келіссөзге келмей қояды" деген пікір білдірген. Айта кетейік, аталған құжат 9 тармақтан тұрады. Онда "Газадағы атысты тез арада тоқтату, барлық тұтқынды босату, тараптарға халықаралық құқық ережелерін сақтауды міндеттеу, анклав тұрғындарына гуманитарлық көмектің кедергісіз жеткізілуіне жағдай жасау" талап етілген. Бірақ АҚШ өткен жылдың қазанынан бері Газаға қатысты қарарларды 5-рет тоқтатып тастады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz