RU
Толық нұсқаға өту

Ұлыбританияда «Берт» дауылы соқты

24.11.2024, 10:40 858

 Осыған байланысты Англия, Шотландия және Солтүстік Ирландияда дабылдың «қызғылт сары» деңгейі жарияланды. Жергілікті метеорология қызметі келтірген мәлімет бойынша дауылдың жылдамдығы сағатына 110 шақырымға жеткен. Аймақта нөсер жаңбыр мен қар жауып, кей өңірлерде ақ ұлпаның қалыңдығы 40 сантиметрге жетті.

Күн райының қолайсыздығынан 60 мыңға жуық ғимаратта жарық жоқ. Автокөлік қозғалысы тұралап, 200 мектеп уақытша жабылды. Сонымен қатар аймақта бұқаралық іс-шаралар түгелдей кейінге қалды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz