Индонезияның Суматра аралында лай көшкінінен 16 адам опат болды.
Тағы 6 тұрғын жараланған. Бұл туралы "Рейтер" агенттігі хабарлады. Табиғи апаттан 10 үй қирап, 150-ге жуығына зақым келген. Билік өкілдерінің мәлімдеуінше, жауын-шашын соңы алапат тасқын тудырып, сел жүрді. Зардап шеккен аймақтарға қосымша іздеу-құтқару және төтенше қызмет мамандары жіберіліп жатыр. Индонезияда мұндай күн райы қазір қалыпты жағдайға айналған.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz