RU
Толық нұсқаға өту

Жапонияда жер сілкінді

27.11.2024, 13:45 677

Жапонияның солтүстік-орталығындағы Ното аймағында жер сілкінді. Елдегі Метеорологиялық агенттіктің хабарлауынша, зілзала қуаты 6,4 балл болған.

Дүмпулер 10 шақырым тереңдікте тіркелді. Цунами қаупі жарияланбады. Зардап шеккен адамдар және қирандылар туралы ақпарат жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, биыл 1 қаңтарда осы Ното аймағында 7,6 юалдық жер сілкініп, 370-тен астам адам опат болған еді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz