Шри-Ланканың орталық аймақтарында болған су тасқыны мен селдің салдарынан 12 адам опат болды. Дені – бала. Табиғи апаттан Бадуалла қаласы мен Карайтиву аралының тұрғындары қатты зардап шекті. 2 мыңнан астам үй су астында қалып, 450 мыңнан астам адам баспанасыз қалды.
Қазір аймақта эвакуция жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әзірге 40 мың тұрғын қауіпсіз жерге көшірілген. Құтқару жұмыстарына 3 мыңнан астам сарбаз бен әуе күштері жұмылдырылған. Метеорологтар дүлей дауыл енді Үндістанға қарай ойысуы мүмкін деп болжайды.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz