RU
Толық нұсқаға өту

Катар Газадағы қақтығысты тоқтату үшін Трамп әкімшілігімен бірлесіп әрекет етеді

08.12.2024, 09:39 721

Катар үкіметі АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамптың әкімшілігімен Газа секторында қақтығысты шешу үшін бірігіп әрекет етуге дайын.

Осы елдің Премьер-Министрі және сыртқы істер министрі Шейх Мұхаммед бен Абдулрахман Дохадағы форумда осылай деп мәлімдеді. Сондай-ақ ол Трамп атысты тоқтату туралы бастамасын қызметіне кіріспес бұрын жүзеге асыратынына үмітті екенін жеткізді. Шиеленіс дипломатиялық жолмен шешуді қажет етеді, дейді Катар үкіметінің басшысы. Ақпарға қарағанда форумда Иран, Түркия және Ресей өкілдері өзара кездесіп, Сириядағы жағдайды талқылаған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz