RU
Толық нұсқаға өту

Сирия әскерилері Иракқа кетіп қалды

10.12.2024, 07:31 686

Башар Асад билігі құлағалы Сирия үкімет әскерінің 4 мыңнан аса жауынгері Иракқа өтіп кетті, деп хабарлайды 24kz.

Олар қару-жабдығы мен көліктерін тапсырған. Қазір әскерилер онда уақытша орталыққа орналастырылған. Сирияда қарашаның соңында жағдай күрт ушығып, үкімет жасағы мен көтерілісшілер арасында қарулы қақтығыс басталғаны белгілі. 8 желтоқсанға қараған түні көтерілісшілер ел астанасы – Дамаскіні басып алып, президент Башар Асад билігін құлатты.

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz