RU
Толық нұсқаға өту

Сирия уақытша үкіметінің басшысы тағайындалды

10.12.2024, 19:55 1179

Сирияның уақытша үкіметінің басшысы ретінде Мұхаммед әл-Башир тағайындалды. Бұл туралы «Әл-Жазира» телеарнасы хабарлайды.

Ол премьер-министр қызметін келер жылдың 1 наурызына дейін, демек өтпелі кезең аяқталғанға дейін атқарады. Мұхаммед әл-Башир бұған дейін даму және гуманитарлық сұрақтар жөніндегі министр болған. Биыл қаңтарда ол елдің солтүстік-батысын бақылауда ұстайтын көтерелісшілердің «Сирияны құтқару үкіметінің» басшысы ретінде тағайындалған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz