Израиль әскері 2 күннен бері Сирияны шабуылдап жатыр.
Осы сәтке дейін 480 әуе соққысы жасалған. Бомбалар Дамаск, Хомс, Тартус, Латакия мен Пальмира қалаларына тасталды. 15 әскери кеме, зенит батареялары, аэродромдар, қару-жарақ қоймалары, зымыран ататын қондырғылар мен әскери инфрақұрылымның басқа да нысандары талқандалған. Израильдің "Таймс оф Израел" басылымы осылайша қару-жарақтың стратегиялық қорының басым бөлігі, сондай-ақ олардың лаңкестік топтардың қолына түсу қаупі де жойылды деп хабарлады.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz