Америкалық Meta компаниясы Дональд Трампты ұлықтау қорына бір миллион доллар аударды, деп хабарлайды 24kz.
«Осылайша, АҚШ-тың жаңадан сайланған Президенті мен Марк Цукерберг арасындағы қарым-қатынастың жақсара бастағанын аңғаруға болады», - дейді сарапшылар. Бұған дейін арада біраз түсініспеушілік туындаған. Бұған дейін Марк Цукерберг Трамптың көші-қон саясатын қатаң сынға алған еді. 2021 жылы Капитолий шабуылынан кейін Meta құрамына кіретін Facebook-те Трамптың аккаунты бұғатталды. Шектеу былтыр ғана алынды.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz