Егер Дональд Трамп АҚШ-қа Канададан келетін тауарларға салығын салатын болса, біз жауап ретінде америкалық мұнай мен уранға салық енгіземіз. Ресми Оттава осындай мәлімдеме жасады.
Бұған дейін Трамп өз қызметіне кірісе салысымен құрлықтағы көрші елдерден – Канада мен Мексикадан келетін тауарлардың бәріне 25% мөлшерінде баж салығын салатынын айтқан. Жаңадан сайланған президент мұндай ойымен әлеуметтік желідегі парақшасында бөліскен. Саясаткер: «Бұл көрші елдерден келетін есірткі тасымалын тоқтатып, заңсыз мигранттармен күрес үшін қажет», – дейді. Бірақ сарапшылар мұның бәрі арадағы сауда соғысына әкеп соқтыруы мүмкін екенін ескертеді.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz