RU
Толық нұсқаға өту

Грекия жағалауында мигранттар мінген қайық аударылды

15.12.2024, 15:20 790

Грекия жағалауында мигранттар мінген қайық аударылып, 5 адам суға батып өлді. 39-ы құтқарылған. Көбі – Пәкістан азаматтары. Куәгерлер қайықта 80 адам отырғанын айтады. Демек тағы 40 кісі із-түзсіз жоғалып кеткен болуы мүмкін. Қазір аймақта іздестіру-құтқару операциялары жүріп жатыр.

Айта кеткен жөн, Грекия теңіз арқылы Еуропаға келетін мигранттар арасында Италиядан кейін екінші танымал бағыт саналады. Жыл басынан бері мұнда 48 мыңнан аса мигрант келген. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz