RU
Толық нұсқаға өту

Қытайда көшелерді робот күзетеді

16.12.2024, 10:48 865

Қытайдың шығысындағы Вэньчжоу қаласының көшелерін роботтар күзетіп жүр, деп хабарлайды 24kz.

Жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін технология адамдардың жеке тұласын, сондай-ақ күдіктінің мінез-құлқын анықтай алады. Қажет болған жағдайда көз жасаурататын газ шашып, дыбыс арқылы әсер етеді. Осыдан кейін бірден полицейлерге қауіпті жағдай туралы хабарлама келіп түседі. Құрылғының салмағы – 125 келі. Ол сағатына 35 шақырымға дейін қозғала алады. Роботтың пішіні сфера тәрізді. Соның арқасында полицейлер жете алмайтын жерлерді тексеруге қауқарлы. Тіпті суда да қозғала алады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz