RU
Толық нұсқаға өту

Корея президентіне импичмент жариялау бойынша алғашқы тыңдау күні белгіленді

16.12.2024, 13:52 1014

Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёльге әскери жағдай енгізу әрекетіне байланысты импичмент жариялауға қатысты алғашқы сот отырысы 27 желтоқсанға белгіленді.

Бұл туралы Конституциялық соттың ресми өкілі мәлімдеген . Осы іс бойынша полиция, Қорғаныс министрлігі және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік өкілдерінен құралған бірлескен Тергеушілер тобы құрылды. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, алғашқы отырысқа Соттың барлық 6 судьясы қатысады. Бұл құзырлы орган 6 айдың ішінде Юн Сок Ёльді орнынан алу немесе орнында қалдыру туралы шешім шығаруға тиіс. Қазіргі президентке әскери жағдай енгізу арқылы бүлік шығарды деген айып тағылып отыр. «Ионхап» ақпарат агенттігі Юн өзін қорғау үшін заңгерлік топ құрып жатқанын хабарлады. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz