RU
Толық нұсқаға өту

Мозамбикте «Шидо» дауылынан 34 адам көз жұмды

18.12.2024, 08:05 755

«Шидо» дауылы ойран салған Мозамбикте 34 адам опат болып, 319-ы жараланды. 35 мың үй мен 34 емхана жермен-жексен болған.

170 балықшы қайығы қирады. Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Желдің екпіні сағатына 260 шақырымға жетті. Бір күннің ішінде 250 миллиметр жауын-шашын түскен. Билік дауылдың зардабы 2 жарым миллион адамға тиюі мүмкін деп ескертті. Мамандар Мозамбик әлемде климат өзгерісінің теріс әрі ауыр салдарына ұрынған мемлекеттің бірі деп бағалайды. Ел аумағында тропикалық дауылдар мен жауын-шашын үдей түсті.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz