RU
Толық нұсқаға өту

Оңтүстік Корея президенті полицияның шақыртуын елемеді

19.12.2024, 08:30 822

Оңтүстік Корея президенті Юн Сук Ёль полицияның шақыртуына құлақ аспай, тергеуге бармаған. 

Мемлекет басшысынан елдегі әскери режимнен кейін басталған бүлікке қатысты іс бойынша жауап алынуы керек-тін. Бұл туралы Рёнхап агенттігі хабарлады. Юн Сок Ёльге шақырту қағазы бірнеше рет жіберілген. Алайда оның канцеляриясы құжатты қабылдаудан бас тартып, кері қайтарып отырған. Осыған байланысты Оңтүстік Кореяның сыбайлас жемқорлыққа қарсы тергеу басқармасының басшысы тиісті шара қабылдауға уәде берді. Оның айтуынша, президент келесі жолы да келмесе, ведомство соттан ордер сұрауы мүмкін. Бұған дейін Юн Сок Ёль бүлікке қатысты айыптаулардың бәрін жоққа шығарған еді.  

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz