Шанаға емес, мотоциклге мінген аяз аталар Аргентинада ауруханаларға сыйлық таратты. Қызыл шапан киген 100 байкер ел астанасы Буэнос-Айрес көшелерін жүріп өтіп, ауруханаларда жатқан науқас балаларға жаңажылдық көңіл-күй сыйлады.
Ән айтып, би билеп, балалар мен оның ата-аналарына кішігірім концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Бұл бастама, ұйымдастырушылардың айтуына қарағанда, ғажайыпқа сенетін балалар үшін естен кетпес тосын сый болды.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz