RU
Толық нұсқаға өту

АҚШ пен Қытайдың ауылшаруашылық саласындағы байланысы қиындауы мүмкін

23.12.2024, 07:25 623

Америкалық шаруалар Қытаймен арадағы сауда байланысы ушығады деп қауіптенеді.

Бұған дейін елдің жаңа президенті қытайлық тауарлардың 60%-іне баж салығын енгіземін деп уәде берген еді. Фермерлердің айтуына қарағанда шешім ауыл шаруашылық саласына айтарлықтай ықпал етуі мүмкін. Қытай АҚШ-тан соя мен жүгері көптеп сатып алады. Сондықтан салық азық-түлік бағасының өсуіне әкелуі мүмкін. 2018 жылы Трамп бірқатар Қытай тауарына импорттық баж салығын енгізген еді. Бұған жауап ретінде Бейжің АҚШ-тың ауыл шаруашылық өнімдерін импорттауға салықты ұлғайтып, соя тасымалын шектеді. Салдарынан Американың ауыл шаруашылық секторы бір жыл ішінде 27 млрд доллар шығынға батты.  

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz