Бразилияның оңтүстігіндегі Грамаду қаласының орталығында шағын жекеменшік ұшақ апатқа ұшырады. Әуе кемесінде болған барлық 10 адам көз жұмды.
Бұл туралы жергілікті үкімет өкілдеріне сілтеме жасаған «Рейтер» агенттігі хабарлаған. Ұшқыштан басқа 9 адамның бәрі – бір отбасының мүшелері екен. Ұшақ дүкенге барып құлаған. Сол жерде жүрген тағы 17 кісі жараланды. 2 адамның халі ауыр. Қайғылы оқиғаның себебі тергеліп жатыр.
Тегтер
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz