Сербия астанасы Белградта мыңдаған адам көшеге шығып, ел үкіметіне наразылығын білдірді.
Қолдарына плакат ұстаған шерушілер сапасыз салынған нысандарға байланысты билікті жемқорлық бойынша айыптады. Бұл - өткен айда болған қайғылы жағдайдан кейінгі ереуілдердің жалғасы. Естеріңізде болса, қарашада теміржол станцияларының бірінде шатыр құлап, 15 адам қаза тапқан еді. 3 азамат жарақат алды. Бұдан бөлек, Нови-Сад қаласында бір ғимарат опырылып түскен болатын. Бірақ биліктегі коалиция мұның бәрін жоққа шығарып келеді.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz