RU
Толық нұсқаға өту

Мехрибан Алиева ұшақ апатынан қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты

25.12.2024, 19:30 653

Әзербайжанның бірінші вице-президенті Мехрибан Алиева әлеуметтік желідегі ресми парақшасында Ақтау маңындағы Әзербайжан Әйрлайнс әуе компаниясына тиесілі Embraer 190 ұшағының апатқа ұшырауына байланысты жазба жариялап, опат болғандардың туған-туыстарына көңіл айтты.

ЦИТАТА

«Ақтау маңында болған ұшақ апатынан азаматтардың опат болғаны туралы хабарды естіп, қайғыға баттым. Қаза болғандардың туған-туыстарына көңіл айтамын. Оларға күш-қуат пен сабыр тілеймін! Жарақат алғандардың тез арада сауығып кетуін тілеймін. Ұлы Алла халқымызды барлық апаттар мен қиындықтардан сақтасын!»

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz