RU
Толық нұсқаға өту

Жапония әуе желісі кибершабуылға ұшырады

26.12.2024, 09:20 719

Жапония әуе желісі кибершабуылға ұшырады. Салдарынан әуе компанияларының ішкі және сыртқы қызмет жүйесінде ақау туындады.

Бұл жергілікті және халықаралық рейстерге әсер етіп жатыр. Kyodo агенттігінің хабарлауынша, әзірге 14 ішкі рейс кейінге шегерілді. Жолаушылар жүгін қабылдау қызметінде қиындықтар туындаған. Әуе компаниясы бүгінге билет сатылымын шектеді. Биыл жыл басында Сиэтл-Такома халықаралық әуежайы да кибершабуылға тап болды. 

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz