"Азербайджан Эйрлайнс" Ресейдің 5 қаласына рейстерін уақытша тоқтатады.
Енді ертеңнен бастап Бакуден ұшақтар Сочи, Волгоград, Уфа, Минеральные Воды және Самараға қатынамайды. Әзербайжанның азаматтық авиациясы қауіпсіздік мақсатында осындай шешім қабылдады. Ол Ақтаудағы әуе апатының нақты себебі анықталмайынша күшін жоймайды. Бұған дейін тасымалдаушы Грозный мен Махачкалаға да рейстерін уақытша тоқтатқан еді.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz