Биыл әлемде 15 млн 200 мың электр көлігі сатылған. Бұл рекордтық көрсеткіш. Көбі Қытайдың үлесіне тиесілі. Еуропа мен АҚШ-тағы нәтижелер де жаман емес. Сөйтіп, биыл әлемде сатылған әр бесінші көлік электромобиль болған.
Климаттың өзгеруіне байланысты электромобильдерге сұраныс артып жатыр. Бұл ретте Қытайда технологиялық даму мен мемлекеттік қолдауға байланысты өндіріс көлемі ұлғайып келеді. Келер жылы шығысымыздағы көршімізде алғаш рет электромобильдердің сатылым көлемі жанармаймен жүретін көліктерден асып кетеді деген болжам бар.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz