RU
Толық нұсқаға өту

Газада Израиль шабуылынан 11 палестиналық қаза тапты

02.01.2025, 15:05 777

Газа секторында Израильдің әуе соққысынан 11 адам қаза тапты. Құрбандар арасында 3 бала бар. «Әл-Жазира» телеарнасының хабарлауынша, еврей әскері Әл-Маваси ауданының гуманитарлық аумағындағы босқындар орналасқан лагерді атқылаған.

Осының алдында Израиль Қорғаныс министрі Исраэль Кац тұтқындар босатылмаса, ХАМАС ұйымы бекінген жерлерді бомбалауды күшейтетінін мәлімдеген еді. Оқ атуды тоқтату және тұтқындарды алмасу бойынша келіссөздер әзірге еш нәтиже бермей тұр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz