RU
Толық нұсқаға өту

Газа секторында бір тәулікте 30-ға тарта адам қаза тапты

03.01.2025, 07:16 676

Газа секторында бір тәулікте Израиль әскерінің шабуылынан 30-ға жуық адам көз жұмды, деп хабарлайды 24kz.

Тағы шамамен 60 адам жарақат алды. Әсіресе, босқындар лагерінде қаза тапқандар көп. Еврей елінің өкілдері лагерьде палестиналық ХАМАС ұйымының мүшелері жасырынғанын айтады. Сол үшін шабуыл жасадық деп отыр. Жалпы Таяу Шығыста 2023 жылдың күзінде қарулы қақтығыс басталғалы атыс-шабыстан 46 мыңға жуық палестиналық көз жұмған. 11 мыңнан аса тұрғын ізім-ғайым жоғалып кеткендер санатында. Салдарынан Газа секторының халқы 6%-ке азайды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz