RU
Толық нұсқаға өту

Оңтүстік Кореяда тергеушілер президентті қамауға ала алмады

03.01.2025, 19:40 917

Оңтүстік Кореяда тергеушілер президенттің резиденциясында тінту жүргізіп, оны қамауға ала алмады. Өйткені Юн Сок Ёльдің қауіпсіздік қызметі қарсылық танытқан. Сондықтан президентті қамауға алу туралы ордерді орындау шарасы уақытша тоқтатылды.

31 желтоқсанда Сеул соты мемлекет басшысын қамауға алып, тінтуге ордер берген еді. Бұл ел тарихында бұрын-сонды болмаған жағдай. Бұған дейін президент тергеушілердің 3 рет шақыртуына немқұрайлы қарап, бармай қойған еді.

Юн Сок Ёль желтоқсанның басында саяси қарсыластарымен күрес мақсатында елде әскери жағдай енгізді. Бірақ бұл шара бүлікке теңеліп, мемлекет басшысына импичмент жарияланды. Қазір президент міндетін вице-премьер атқарады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz