RU
Толық нұсқаға өту

Колумбияда автобус апатынан 13 адам көз жұмды

04.01.2025, 15:00 781

Колумбияда жолаушылар автобусы аударылып, 13 адам көз жұмды.

Тағы 28 адам ауыр жарақат алды. Екеуінің жағдайы ауыр. Оқиға Пасто мен Ипиалес қалалары арасындағы Панамерика тас жолында болған. Жергілікті полицияның хабарлауынша жүргізуші көлікті басқара алмаған. Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Колумбия Көлік министрлігінің мәліметі бойынша елде жыл сайын жол-көлік оқиғаларынан 8 мыңға жуық адам көз жұмады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz