RU
Толық нұсқаға өту

Сириялықтардың жалақысы 400%-ға өседі

06.01.2025, 10:23 634

Сирияда келесі айдан бастап мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы 400%-ға өседі.

Бұл туралы елдің Қаржы министрі мәлімдеді. Мемлекет қазынасынан бөлінетін қаражаттың жалпы сомасы – 127 млн доллар. Бюджет мемлекеттік ресурстар, аймақтық көмек және елдің шетелдегі активтері есебінен қаржыландырылады. Сондай-ақ салық төлеушілер барлық айыппұл мен өсімпұл төлеуден босатылады. Сирияда жалғасып жатқан қақтығыстан экономикалық дағдарыс орнап, халықтың жағдайы нашарлап кеткен болатын. Башар Асад билігі кезінде жалақы көлемі айына 25 доллар болған. Бұл біздің теңгемен небәрі 13 мыңдай.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz