RU
Толық нұсқаға өту

Францияда маймыл шешегінің жаңа штамы тіркелді

07.01.2025, 16:26 652

Францияда маймыл шешегінің жаңа штамын жұқтырудың алғашқы дерегі тіркелді.

Бұл туралы жергілікті Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері хабарлады. Науқас елдің батысындағы Бретань өңірінің тұрғыны болып шықты. Ол жуырда Орталық Африка елдеріне барып келіпті. Қазір осы оқиға бойынша тергеу амалдары басталды. Науқаспен байланыста болғандардың бәрі анықталуда.

Айта кетейік, Clade Ib деп аталатын жаңа штамм алғаш рет жазда Кения аумағында тіркелген болатын. Күзде бұл вирус Ұлыбритания, Үндістан, АҚШ пен Германиядан табылды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz