RU
Толық нұсқаға өту

Лос-Анджелестегі орман өрті: 27 мың адам шұғыл қауіпсіз жерге көшірілді

08.01.2025, 09:38 1135

Лос-Анджелестің батысындағы орманнан өрт шықты. Ірі шаһардың беделді ауданы Пасифик-Палисейдсте ОТ 7-ші қаңтарда тұтанған.

Калифорния штатының Орман шаруашылығы және өрттен қорғану департаментінің мәліметі бойынша, тілсіз жау бірнеше сағат ішінде 486 гектар аумақты жалмап үлгерді. Мамандар: «Алапат өрттің таралуына құрғақшылық пен күшті жел себеп», – дейді. Қауіп әлі жоғары. Жалпы 23 мыңнан астам ғимарат отқа орануы мүмкін. 

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz