RU
Толық нұсқаға өту

АҚШ-та пандалар ақ ұлпада асыр салып ойнады

08.01.2025, 09:54 658

АҚШ астанасы Вашингтонда жауған қар пандаларды ерекше қуантты.

Смитсон ұлттық хайуанаттар бағында тіршілік ететін аюлар ақ ұлпада асыр салып ойнап, қызыққа батқан.

Бұлардың Бао Ли және Цин Бао деген қытайша аттары бар. Олар өткен жылдың қазанда әкелінген. Бұған АҚШ пен Қытайдың арасындағы арнаулы келісім себеп. Жаңа пандаларды көпшілікке ресми таныстыру осы айдың аяғына жоспарланған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz