RU
Толық нұсқаға өту

Қытайда зілзалаға байланысты жедел әрекет ету режимі жарияланды

08.01.2025, 11:15 703

Қытайда Тибеттегі жер сілкінісіне байланысты жедел әрекет ету режимінің ең жоғары деңгейі жарияланды.

Құтқарушылар тұрғындарды қауіпсіз жаққа көшіріп, су шаруашылығы нысындарын тексеріп жатыр. Эверест тауындағы туристік аймақ уақытша жабылды. Естеріңізге сала кетейік, Тибет автономды ауданындағы Тингри уезінде 7,1 балдық жер сілкінісі болған. Зілзаладан опат болғандар саны 126 адамнан асты. 200-ге жуық тұрғын жараланған. Жерасты дүмпулері Непал, Бутан және солтүстік Үндістанда сезілді.

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz