RU
Толық нұсқаға өту

Мединаны топан су басты

08.01.2025, 17:17 595

Сауд Арабиясының Медина өңірінде толассыз жауған жаңбыр соңы тасқынға ұласты.

Көшелер көлге айналып, ондаған үйді су басты. Шаһарда көлік қозғалысы қиындаған. Жергілікті метеорология қызметінің хабарлауынша, Джидда қаласында да жағдай күрделі. Қауіптің қызыл деңгейі жарияланған. Әзірге топан судан зардап шеккендер туралы ақпар жоқ. Келтірілген шығын көлемі де белгісіз. Ел билігі азаматтарды барынша сақ болуға шақырып жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz