RU
Толық нұсқаға өту

Лос-Анджелестегі өрттен $57 млрд шығын келді

09.01.2025, 07:30 1211

Лос-Анджелес маңындағы орман өртінен қазірдің өзінде 57 млрд доллар шығын келді.

Бұл туралы күн райын болжайтын AccuWeather компаниясының мәліметтеріне сілтеме жасаған «Эй-Би-Си» телеарнасы хабарлаған. Билік жүз мыңнан астам адамға шұғыл қауіпсіз жаққа көшуге нұсқау берді. Өрт қазір 4 аумақта болып жатыр. Тілсіз жауды ауыздықтауға мамандардың шамасы жетпей әлек. Ең қиын жағдай - Пасифик Палисейдс ауданында. Бұл жерде от мыңнан астам ғимаратты күлге айналдырған. Өңірдегі көптеген өрт сөндіруге арналған су қондырғылары істемейтін болып шықты. Табиғи апат салдарынан 5 адамның ажал құшқаны белгілі. Өртті сөндіруге күшті жел кедергі болып тұр.

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz