RU
Толық нұсқаға өту

Лос-Анджелестегі өрт: 11 адам көз жұмды

11.01.2025, 11:20 1767

Лос-Анджелесте ормандағы өрттенкөз жұмғандар саны 11 адамға жетті. Бұл туралы CNN телеарнасы хабарлаған.

Жалпы 10 мыңнан астам үй күлге айналған. Өртенген аумақ көлемі 12 мың гектардан асады. Калифорния штатындағы өрт 7 қаңтарда тұтанып, 7 ірі от ошағы тіркелді. Әлемге әйгілі Голливуд жотасында өрттің беті қайтты. Америкалық киножұлдыздардың элиталық үйлері жанып кеткен. Сарапшылар: «Шығын 50 миллиард доллардан асады», – дейді. Билік 180 мың адамға шұғыл қауіпсіз жаққа көшуге нұсқау берді. Ел басына ауыртпалық түскен кезде ұры-қары шықты. Полиция иесіз үйлерді тонап жатқан 20 қылмыскерді ұстады. Кейбір аудандарда коменданттық сағат жарияланды. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz