RU
Толық нұсқаға өту

Израиль шабуылдарынан Газадағы мектептердің 88%-ы зақымданды

12.01.2025, 16:20 714

Газа секторындағы қарулы қақтығыс білім беру саласына зор шығын келтірді.  Жергілікті мектептердің 88%-ы жартылай не толықтай қирап қалған. Біріккен Ұлттар Ұйымы өкілдерінің келтірген деректері осындай.

Өткен тәулікте Израиль әскері Джабалияда босқындар пана еткен білім ордаларының бірін атқылады. Соның салдарынан 8 адам көз жұмды. Ал соңғы үш айда еврей армиясы мектептерге 100-ден аса соққы жасаған. БҰҰ мәліметі бойынша анклавта қарулы қақтығыс басталғалы 30 мыңнан аса мұғалім мен білім алушы қаза тапқан.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz