RU
Толық нұсқаға өту

Импичментке ұшыраған Корея президентінің жалақысы өсті

13.01.2025, 13:51 746

Оңтүстік Кореяның импичмент жарияланған Президенті Юн Сок Ёльдың жаңа жылдан бастап жалақысы өсті.

Биыл оның жылдық табысы 3 пайызға ұлғаяды. Яғни, жылына біздіңше, 94 млн теңге еңбекақы төленеді. Жергілікті персоналды басқару министрлігінің мәліметі бойынша, биыл барлық мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы өткен жылмен салыстырғанда 3 пайызға өсті. Юн Сок  Ёль  де Президент ретінде жалақы алуды жалғастырады. Сондай-ақ импичментке байланысты қызметіне күмән келтірілген  Премьер-Министр Хан Док Судың да жалақы көлемі артты. Еске салайын, өткен жылдың желтоқсан айында Юн Сок Ёль қысқа мерзімді әскери жағдай енгізгеннен кейін Ұлттық ассамблея оған импичмент жариялаған еді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz