RU
Толық нұсқаға өту

Париждегі Олимпиада ойындарына қатысқан спортшылар медальдарын кері қайтарып жатыр

14.01.2025, 19:56 1072

Париждегі жазғы Олимпиада ойындарына қатысқан спортшылар медальдарын кері қайтарып жатыр.

Өйткені олар бүліне бастаған. Бұл туралы француздың Ля Леттре басылымы хабарлайды. Мұндай проблема әсіресе қола жүлделерде қатты байқалады. Ең алғашқы болып американдық скейтбордшы мен француздық жүзуші шағым түсірген. Олар медальдерін тот басып, кетік пайда болғанын байқаған. Сөйтіп, қазір жүзден аса шағым түсті. Осыған байланысты Париж монета сарайының өндіріс және сапа бойынша 3 басшысы қызметінен босатылды. Ал спортшылардың жүлделері басқасына алмастырылатын болды. Алдын ала мәлімет бойынша, медальдерге лак жалату  кезінде қажетті талаптар сақталмаса керек.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz