Лос-Анджелестегі алапат өрт басылар емес, деп хабарлайды 24kz.
7 қаңтардан бері 17 мың гектар жер өртке оранған. Өртті толық оқшаулау мүмкін емес.
Тек біртіндеп сөндіріліп жатыр. Палисейдс аталатын ең ірі өрт ошағының 17%-і, Итон өртінің 35%-і сөндірілген. The Associated Press ақпарат агенттігінің мәліметіне қарағанда, тілсіз жаудың салдарынан қаладағы 12 мыңдай ғимарат түгел жанып кеткен. Жалпы өрттен келген залал 150 млрд доллардан асады.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz