Жөндеуден кейін қайта ашылған Нотр-Дам де Париге бір айда 800 мыңнан аса адам барған. Бұл минут сайын ғимаратқа 32 адамнан кіріп отырды деген сөз. Көбі билеттерді алдын ала сатып алмаған. Сондықтан келушілер кезегін 3 сағатқа дейін күтуге мәжбүр.
2019 жылдың көктемінде шіркеуде алапат өрт шыққан еді. Салдарынан ғимараттың шатыры мен ағаштан жасалған бір бөлігі бүлінді. Ол 5 жылға жалғасқан қалпына келтіру жұмыстарынан кейін желтоқсанның басында қайта ашылды. Өртке дейін жыл сайын мұнда 14 миллион адам келетін.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz