RU
Толық нұсқаға өту

Бельгияда арнайы иттер қылмыс ашуға жұмылдырылады

19.01.2025, 15:16 663

Бельгияда ескі қылмыстарды ашудың тың әдісі әзірленіп жатыр.

Оған детектив иттер жұмылдырылады. Мамандар адамның құрғақ сүйектерінен ерекше иіс шығаратын қоспа дайындады. Арнайы эссенция қызметтік иттерге ескі адам сүйектерін табуға мүмкіндік береді. Полиция өкілдері, жаңа әдіс әлі күнге дейін толық зерттелмеген қылмыстық әрекеттерді ашуға көмектеседі деп үміттенеді. Қазір иттер оқыту кезеңінен өтіп жатыр. Бір итті үйретуге мың сағат қажет - дейді мамандар. Қазір елде осындай төрт із кесуші ит бар.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz