RU
Толық нұсқаға өту

Израиль мен ХАМАС келісімі сақталмаса, қақтығыс қайта күшейеді

20.01.2025, 07:50 695

Израиль мен ХАМАС арасындағы келісім бұзылса, қақтығыс қайта күшейеді. Бұл туралы Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху мәлімдеді.

Ол бұл пікірді АҚШ қолдайтынын айтты. Яғни, келісім тармақтарында ХАМАС тарапынан тәртіп бұзу байқалса, атыс-шабысты жалғастыруға Израильдің толық құқы бар деп көрсетілген. Егер тараптар арасындағы кикілжің тумаса, Израиль мен ХАМАС соғысы біржола тоқтауы мүмкін.

Биньямин Нетаньяху, Израиль премьер-министрі:

 - Бұл келісім АҚШ-тың бұрынғы президенті Джо Байденмен де, қазіргі президент Дональд Трамппен де мақұлданды. Ол билікке келген соң, тұтқындарды босату туралы мәселені өз мойнына алды. Сондай-ақ, келісімнің бірінші кезеңі тек уақытша деп айтты. Оның мерзімінің ұзақ не қысқа болуы ХАМАС-тың әрекетіне қарай шешіледі.  

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz