RU
Толық нұсқаға өту

Әлемде 2769 миллиардер бар

21.01.2025, 09:45 630

Былтыр әлемде миллиардер қатарына тағы 204 адам қосылып, олардың саны 2800-ге жуықтады.

Барлығының ортақ активтері 15 триллион долларға жеткен. Демек өткен жылы күн сайын әр миллиардердің мал-мүлкі 2 млн долларға артып отырған. Бұл туралы Давоста өтіп жатқан дүниежүзілік экономикалық форумда Оксфам халықаралық бірлестігі жария етті. Мамандар ауқатты адамдар саны тез артып бара жатқанын айтады. Олар алдағы 10 жылдықта 5 триллионер пайда болатынын болжайды. Бірақ өкініштісі сол - әлем халқының 44 пайызы кедейлікте өмір сүреді. Оксфам дерегінше бұл көрсеткіш 1990 жылдан бері өзгеріссіз қалып отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz