Иордан өзенінің батыс жағасына қоныстанушы израильдіктер Калькилия қаласының жанындағы екі елді мекенге шабуыл жасады. Шапқыншылық салдарынан 12 адам жараланған. Оларға Палестина Қызыл Жарты Ай ұйымының мамандары көмек көрсетті.
«Әл-Жазира» телеарнасы хабарлауынша, куәгерлер бірнеше жарылыстың дыбысын естіген. Үйлер, кәсіпорындар, балабақшалар мен көліктер өрттенді. Израиль билігі әзірге бұл жағдайға ресми түсініктеме берген жоқ.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz