RU
Толық нұсқаға өту

Тайваньдағы жер сілкінісі: 27 адам жараланды

21.01.2025, 17:40 730

Тайваньның оңтүстігінде 6,4 балдық жер сілкінісі болды. Табиғи апаттан 27 адам жараланған. Бұл туралы Associated Press агенттігі хабарлады.

Цзяи және Тайнань қалаларындағы ғимараттарға және Чжувэй елді мекеніндегі көпірге зақым келген. Дәрігерлер зардап шеккендердің ауруханаға жеткізілгенін және жарақаты жеңіл екенін мәлімдеді. Арасында 1 айлық бар. Іздеу-құтқару жұмысы әлі жүріп жатыр. Жерасты дүмпулерін арал-мемлекет астанасы Тайбэй тұрғындары да сезген. Негізі Тайвань Тынық мұхитындағы тектоникалық тақталардың түйіскен жері «Отты сақинада» орналасқан.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz