RU
Толық нұсқаға өту

БҰҰ: Газаға атыс тоқтағалы алғаш рет жанармай жеткізілді

24.01.2025, 11:13 860

Біріккен Ұлттар Ұйымы Газа секторынА 7 көлік жанармай жеткізді. Мұндай отын бейбіт бітім басталғалы алғаш рет әкелінген.

Енді электр қуатын шығаратын генераторларға іске қосылып, Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы және басқа халықаралық қауымдастықтардың жұмысына жан бітуі керек. Сондай-ақ 118 жүк көлігі газалықтарға азық-түлік пен ұн апарды. Бұдан бөлек, шағын баспана құралдары, дәрі-дәрмек, ауызсу және тазалық заттары бар.

Айта кетейік, Израиль мен ХАМАС арасындағы оқ атпау туралы келісім 19 қаңтарда күшіне енді.

Фархан Хак, БҰҰ бас хатшысы ресми өкілінің орынбасары:

- Газаның оңтүстігіндегі 14 ауруханаға бір рет қолданылатын медициналық құралдар мен жарақаттарды емдеуге арналған жиынтықтар, сондай-ақ 28 денсаулық сақтау мекемесіне жыныстық және репродуктивті денсаулық жинақтарын таратылды. Бұл 58 мың адамға жетеді. Сонымен бірге 2 негізгі медициналық қызмет көрсету орталығы қайта ашылды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz