RU
Толық нұсқаға өту

Мысыр Газа секторына 310 жүк көлігін жіберді

27.01.2025, 19:30 543

Мысыр билігі Газа секторына 310 гуманитарлық жүк көлігін жөнелтті. Египеттің халықаралық ақпарат қызметі осылай деп хабарлады.

Олардың айтуынша, бұл қадам Израиль мен ХАМАС арасындағы қақтығысты тоқтату туралы келісімнің 1-ші кезеңі аясында жүзеге асырылды. Қайырымдылық көмек Рафах кедендік бақылау-өткізу бекеті арқылы жеткізілген. Бұдан бөлек  аймаққа апаратын Әл-Ауджа және Керем-Шалом өткізу бекеті ашық тұр. БҰҰ-ның мәліметіне сәйкес 19 қаңтардан бері Газа секторына 4200 жүк көлігі өткен.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz