RU
Толық нұсқаға өту

Түркияда 12 қабаттық ғимарат өртенді

27.01.2025, 21:12 810

Түркияның Анталья провинциясында құрылысы бітпеген 12 қабаттық ғимарат өртенді. Әлеуметтік желіде отқа оранған нысанның ішінде қалып қойған жұмысшылардың бейнежазбасы тараған. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, олардың барлығы құтқарылды. Алдын ала мәлімет бойынша жалынның тұтануына жөндеу кезіндегі дәнекерлеу жұмыстары себеп болған.

Өткен аптада Түркияның Карталкая тау-шаңғы шипажайындағы қонақүй өртенген еді. Соңғы мәліметке сәйкес 78 адам қаза тапқан. Алдын ала мәлімет бойынша қонақүйдің асханасында тамақ пісіретін құрал қосулы қалған. Өртке сол себеп болуы мүмкін.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz