RU
Толық нұсқаға өту

Ұлыбритания Газа секторына көмекке $21 млн бөлді

30.01.2025, 08:46 724

Ұлыбритания билігі Газа секторының халқына гуманитарлық көмекке 21 млн доллар бөлді, деп хабарлайды 24kz.

Бұл қаржыға тұрғындарға медициналық көмек көрсетіліп, азық-түлік және уақытша баспанамен қамтамасыз етіледі. Қаржының бір бөлігі сумен қамту және энергетика жүйесін қалпына келтіруге де жұмсалады. Бейбіт бітім күшіне енгеннен кейін палестиналықтар жаппай Газа секторының солтүстігіне орала бастады. Бұған дейін Израиль әскері ол жерге өтуге рұқсат етпеген. Қазір өңірде үйлердің көбі қираған. Оралған жұрт шатыр астында түнеуге мәжбүр. Құдықтардың көбі бүлініп, таза ауызсу тапшы.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz